Air Astana Алматыдан Бішкекке ұшатын рейстерді күн сайын орындайды.
Бедері көркем тауы, адам аяғы баспаған шатқалдары мен суы мөлдір биік таулы көлдері Қырғызстанды кез келген саяхатшының армандаған мекеніне айналдырады. Бішкекке саяхатқа бел бусаңыз, табиғат аясында демалудан мол тәжірибе жинауға болатын қызыққа толы сапарыңызды дәл осы жерден бастауыңызға болады.
Алайда одан бөлек, Бішкек қырғыз мәдениетін паш ететін өзіне тән сәулетімен танымал. Бұған сіз жасыл қаланың көшесімен қыдырып жүріп көз жеткізе аласыз. Мұнымен қатар, қырғыздар - қонақжай халық, ал ұлттық асханасы бай. Тағамдарының басты ингредиенттері ет, сүт, ұн және дәнді дақылдар асты құнарлы әрі дәмін ерекше етіп, қазақ тағамдарымен бауырластыра түседі.